Елшілер домбыра шертуді үйренді

619

Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерден келген елшілер Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығында болды. Бұл туралы Түркістан облысының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі хабарлайды. 

Хорватия, Словакия, Чехия, Австрия, Германия, Румыния, Финляндия елдерінің Қазақстандағы Елшілері киіз үйде қазақы тағамдардан дәм татты. Киіз үйдің құрылымы көрсетіліп, салт-дәстүрлер дәріптелді.

Облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Амалбек Өміртай орталық жұмысымен таныстырып, облыс жастары туралы кең көлемде мәлімет берді.

Сондай – ақ, ұлттық аспаптар мен киімдер көрсетілді. Елшілерге тақия тарту етіліп, домбыра шерту бойынша мастер-клас ұйымдастырылды. Қолдарына ұлттық аспапты ұстап, пернелерін басып көрген шетелдіктер таңданыстарын білдірді.

Кездесу барысында, Түркістан облысы жастарының әлеуетін жоғары бағалап, үлкен ілтипаттарын білдірді.

Айта кетейік, 1 наурыздан бастап Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасында кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім күшіне енген болатын. Ал, Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері ішінде бірінші болып 2015 жылы Еуропалық Одақпен келісімге қол қойған. Келісім 29 саладағы ықпалдастық аясын кеңейтіп, ЕО мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, мәдениет, білім және ғылыми зерттеу салаларындағы ықпалдастыққа жол ашты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *