Доллар 400 теңгеге қымбаттады

597

Мәскеу уақытымен сағат 01.02-те солтүстік теңіз қоспасының баррелі бірден 14 долларға түсіп, 31% бағасын жоғалтты.

Соңғы рет Brent 2016 жылдың қаңтарында 31,5 долларға дейін төмендеді, ал бұған дейін 2004 жылдың көктемінде осындай жағдайды бастан кешкен болатын.

WTI маркалы мұнай бағасы 27% -ға төмендеп, баррелі үшін 30,27 долларды құрады. WTI соңғы рет 2016 және 2003 жылдары 30,3 долларға дейін төмендеген болатын.

Мұнай бағасының арзандауына байланысты Қазақстан ақша айырбастау пунктерінде доллар қымбаттады.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, Нұр-Сұлтан мен Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 400 теңгеге сатылып жатыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *