Әлемдік мұнай бағасы 6 пайызға өсті

649

Сейсенбі күні мұнай бағасы 6 пайыздан астам өскен.

Тақтатасты мұнай өндіретін америкалық компаниялар ОПЕК-тің жаһандық нарыққа өнімдерін жеткізу себебімен болашақ өндірісін қысқарта алады. Brent маркалы мұнай бағасы 2,31 долларға (6,7 пайыз) қымбаттап , баррелі 36,67 доллар болды.

Сондай-ақ WTI маркілі мұнай бағасы АҚШ-та 1,79 (5,8 пайыз) долларға қымбаттап, баррелі 32,92 доллар болды. Еске сала кетейік, дүйсенбі күні бұл екі көрсеткіш ең төмен деңгейге түсіп, 1991 жылдың 17 қаңтарынан бері пайыздың ең үлкен біркүндік төмендеуі тіркелді. Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағалары 25 пайыздық «құлаудың» орнын толтыра алмайды, себебі коронавирустың өршуі сұранысты төмендетіп отыр. Энергия тасымалдаушылардың бағалары да күрт төмендеген. Exxon акцияларының бағасы 12 пайыздан астам көрсеткішке дейін төмендеді. Chevron акциялары 15 пайыздан астам түсті.

inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *