75 жасқа толар еді…

642

Бүгін ҚазақКСР халық әртісі, театр және кино актері Құман Тастанбеков 75 жасқа толар еді. Ол Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында 30 жылдан астам уақыт көптеген рөлдерде ойнаған.

“Қыз Жібек” фильміндегі Төлеген батырды ойнаған алғашқы рөлі оған үлкен танымалдылық әкеліп, болашақ тағдырын да анықтаған еді. Себебі фильм жарыққа шыққан соң, Құман Тастанбеков басты рөлде ойнаған Меруерт Өтекешовамен шаңырақ көтерді. “Қыз Жібектен” кейін Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова екеуі “Менің ағам” фильміне түседі. Бұл кино туындыда Құман Тастанбеков – Қазақстанның алғашқы комсомолы Ғани Мұратбаевты сомдаса, Меруерт Өтекешова – оның жары Раушанның рөлінде ойнайды. Ал “Орнамент” болса, олардың балаларымен бірге түскен отбасылық фильмі.
Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *