Ұлттық банк қажетті шараларды қабылдауға дайын

250

Кешелі бері мұнайдың бағасы құлдырып төмен түскеннен кейін доллар қымбаттай бастағаны мәлім.

Қазақстанның кейбір өңірлерінде теңгенің долларға байланысты курсы 400 долларға дейін жетті. Қалыптасқан күрделі жағдайға қатысты бүгін Үкіметтің отырысы өткені мәлім.

–Ұлттық банк теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне бейілдігін растайды. Дегенмен, бағам өзгерген жағдайда қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізіледі. Ұлттық банк әлемдік экономика және халықаралық нарықты бақылап отыр. Қажет жағдайда Қазақстандағы қаржы нарығын тұрақтау үшін шаралар қабылдауға дайынбыз, –деп мәлімдеді Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *