Әлемдік дағдарыс: Үкімет Ұлттық қорға қол салуы мүмкін

511

Әлемдік нарықта мұнай бағасының күрт құлдырауы Қазақстан экономикасына сөз жоқ кері  әсерін тигізеді. Бұл болмай қоймайтын құбылыс.

Алайда Қазақстан үкіметі қайтпек? Еліміздегі қаржы нарығын тұрақты ұстап тұру үшін Үкімет тағы да Ұлттық қорға қол сала ма? Бұған қатысты Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов не дейді?

–Экономиканы тұрақтандыру үшін Ұлттық қордан ақша алу туралы қандай да бір мәлімдеме жасауға әлі ерте. Өйткені оған қатысты шешім қабылданған жоқ. Әзірге біз басқа нұсқаларды талқылап жатырмыз. Егер жағдай күрделініп бара жатса, біз Ұлттық қордан аз мөлшерде қаржы алуымыз да мүмкін, – деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Айта кетейік,  қазір Ұлттық қорда 27 триллион теңге бар.

–Егер жыл сайын Ұлттық қордан 2,7 миллион теңгеден алатын болсақ, мұның өзі аз ақша емес, – дейді  Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *