Қазақ боксшылары жарады!

220

Қазір ғана 52 келі салмақ дәрежесінде жұбаныш бәсекесінде сынға түскен боксшымыз Сәкен Бибосынов жеңіске жетті! Ол филиппиндік қарсыласы Карло Пааламадан айласын асыра білді. Осылайша бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы барлық салмақ бойынша Токио Олимпиадасының 8 жолдамасын жеңіп алды. 2019 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов 4 жылдықтың басты бәсекесінде өнер көрсететін болады. Отандасымыз жекпе-жектен кейінгі қуанышын жасыра алмады. Барша бокс жанкүйерлерін жігіттердің жетістігімен құттықтаймыз!

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *