Жазушылар жаңа әліпбиді қолдады

465

Бүгін мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың латын графикасына негізделгенәліпбиді жетілдіру бойынша тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалында жазушылар мен ғалымдар арасында әліпби талқыдан өтті.

Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шара Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың тәуелсіз сарапшылармен өткен кездесудегі  ұсыныстары қаралды.Шынымен шығармашылық орта дыбыс таңбалауын жүрекпен сезінеді екен. Кейбір таңбалардың таза ұлттық мән мағынасын анықтайтын тұстарынатоқталды. Жазушылар жазу мәніне терең түсіністікпен қарап, үлкен мән берді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Қаба, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, жазушы, мемлекеттік сыйлықтың иегеріӘлібек Асқар,  Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы,Қаржаубай Сартқожа, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреты, жазушы Қуаныш Жиенбай,  жазушы Құныпия Алпысбай  әліпбидегі кейбір таңбалар төңрегінде ойларын ортаға салды.

Жазушыларға қазақ әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстырған «Тіл-Қазына» ұлттық  ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы Анар Фазылжанова: «Ң дыбысы халықаралық фонетикалық әліпбиде бар Ŋ таңбасымен берілді. Мысалы: aŋşy, jaŋbyr, köleŋke. Фонетикалық негізі Ŋ таңбасы мұрын жолды, үнді дауыссыз дыбысты (ң) белгілейді.

Ал әдістемелік негізі  дегенде ол Ŋ қолды үзбей жазуға ыңғайлы әрі жолүсті таңбаларын көбейтпейді. Сондай-ақ кирилнегізді қазақ әліпбиіндегі Ң графикасына ұқсас болғандықтан оған  тез дағдыланады»-деп ойын ортаға салды.

Ал, Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт вице-министрі  Нұрғиса Дауешов:  «Талқылаудың  Жазушылар одағы ғимаратында өтуіде маңызды. Әліпби-бұл ел ертеңі. Оны жан-жақты талқылап, фонетик ғалымдардың негіздемелері негізінде жасау бүгінгі күннің басты талабы. Жазушылар үйі рухани өміріміздің қайнаған ордасы. Бұл жерде рухани шешімдерге жетуге болады.Мына тарихи суреттердің өзі де сөйлеп тұр.  Алаш қайраткерлеріде осындай ортада Алаш тағдырын шешкен. Әліпбиге маңыздылық беріп, жеті рет өлшеп бір рет шешілетін іс.Қазақтың әр қаріпінің астарында  ұлттық болымыс, қазақты қазақ етіп тұрған қасиеті тұр.  Сондықтан да біз әліпби жасауда әр қаріпке дейін жіті көңіл бөліп, алдыларыңызға келіп талқылап отырмыз»-деп ойын түйіндеді.

«Біздің қазақ тілі де қыпшақ тілдер тобына жатады. Демек, түрік бабаларымыз біздің байырғы тілімізде сөйлеп, сол тілмен империясын басқарып, сол тілмен әлем өркениетіне өз үлесін қоса білді. Ал жаңа әліпби  біздің халықтың қажетіне, көптің кәдесіне жарайтындай болғаны абзал. Біз осы жобаны қолдаймыз. Әсіресе, мына Ң таңбасыныңŊ таңбалануы қуантады»-  Халықаралық Шыңғыс хан академиясының академигі, филология ғылымының докторы, жазушы Каржаубай Сартқожа.

Іс-шараға  қатысқан жазушылар мен ғалымдар  жаңа әліпбиге қолдау көрсетті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *