Елордада отандық  «Кировец» таракторы таныстырылды

463

«AgriTek/FarmTekAstana 20201»  халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылық көрмесінде Қостанай өндірісінің аты аңызға айналған «Кировец» тракторы таныстырылды.

Қазақстанда 2019 жылдың қазан айында «Қостанай трактор зауыты» базасында К-730 және К-742 жаңартылған модельдері шығарыла  бастады.

Компания өкілдерінің айтуынша, зауыт жыл сайын 500-700 техника өндіруді жоспарлап отыр,  Бұл Қазақстанның ауыл шаруашылығын отандық өндірістің сенімді техникасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Қостанай трактор зауыты» (ҚТЗ) 23 қазанда Премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен ашылған болатын. ҚТЗ Қазақстан-Ресей өндірістік кооперациясын дамыту саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасының аясында іске асырылатын ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы бірінші және жалғыз зауыт болып табылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *