Елордада халық санағына дайындық жүріп жатыр

346

Елордада биылғы республикада кезекті ұлттық халық санағын өткізу бойынша ведомствоаралық комиссия құрылып, іс-шара жоспары бекітілді.

Еліміз бойынша санақ өткізу мерзімі 2020 жылдың 1-30 қазан аралығы болып белгіленді. Халықты толық қамту мақсатында санақ екі кезең бойынша өтеді. «Бірінші дайындық кезеңінде 2020 жылғы 1 және 30 маусым аралығында санақ қызметкері тұрғын үйлердің, басқа да ғимараттардың санын анықтап, онда тұрып жатқан халықты тіркейді. Содан кейін 1-30 қазан аралығында негізгі халық санағы өтеді. Белгіленген төрт нысан бойынша интервьюерлер санақ парақшаларын толтырады. Санақтан өткен барлық респонденттерге интервьюерлер тиісті анықтама береді, ал онлайн тәртіп бойынша санақтан өткендерге электронды поштаға немесе телефон нөміріне санақтан өткендігі туралы SMS-хабарлама жіберілетін болады», — деп түсіндірді елордалық Статистика департаменті басшысының орынбасары Жанар Серікбаева.

Оның айтуынша, қазақстандықтар санақтан өтудің дәстүрлі түрімен қатар, сауалнаманы онлайн түрде де толтыра алады. Электронды түрде санақтан өту үшін 1-15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайтында тіркеуден өту қажет. Қазіргі уақытта елордада халық санағын өткізу кезеңіне санақ қызметкерлерінің құрамын іздестіру және іріктеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Санақ қызметкерлерінің қызмет көрсеткені үшін еңбек ақысы беріледі: дайындық кезеңінің интервьюеріне 30 жұмыс күніне 75 743 теңге, негізгі кезеңнің интервьюеріне – 94 678 теңге, нұсқаушы-бақылаушыға 45 күнге 113 614 теңге төленеді.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *