Италияда дүкендер мен мейрамханалар жабылды

139

Италия премьер-министрі Джузеппе Конте коронавируспен күресу үшін елде жаңа шаралар енгізілетінін жариялады.

Елде қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер ішінара жабылды. Алайда қажетті тауарлар сататын орындар мен дәріханалар жұмыс істеуде. Конте Италия тұрғындарын жаппай азық-түлік сатып алмауға шақырды.

«Азық-түлік сатып алуға жүгірудің қажеті жоқ. Біз дүкендерді, барлар мен мейрамханаларды, шаштараздарды, сұлулық орталықтарын жабамыз. Дегенмен үйге жеткізіп беру қызметі қолжетімді болады», — деді ол.

Сондай-ақ банктер, пошталар, сақтандыру және қаржы компаниялары жұмысын жалғастырып жатқандығын атап өтті. Зауыттар мен өндіріс орындары өз жұмысшыларының қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жұмыс істейді. Айта кетсек, Италия Еуропа елдерінің ішінде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша көшбасында тұр.

Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *