Головкин мен Альварес қыркүйекте кездеседі

242

Бүгін кәсіпқой бокстан 4 салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен 3 рет жекпе-жек өткізуге келісім берді. Бір мәрте тең түсіп, екінші рет ұпай санымен отандасымыздан басым түскен Сауль Альварес, алдағы жоспарларына байланысты нақты шешімге келді.

The Athletic журналисті әрі инсайдері Майк Коппинджер әлеуметтік желі арқылы ақпаратты растады. Ол DAZN стримингтік платформасы мен Golden Boy промоутерлік компаниялары арасындағы кездесудің қортындысын жариялады. DAZN өкілі Джон Скиппер Сауль Альварестен келісімшартта көрсетілген нақты талаптарды орындауын сұрады. Мексикалық боксшы өз кезегінде мамыр айында британиялық Билли Джо Сондерспен күш сынасады.

Сондай-ақ Головкинге қарсы кездесуге тағайындалған гонорардан бөлек, қосымша қаржы төленуін сүраған Сауль Альварестің талаптарын, DAZN басшылығы орындауға уәде берді. Геннадий Головкин сәуір айында өтетін поляк боксшысы Камиль Шереметаға қарсы жекпе-жекке жарақатына байланысты шықпайтын болды. Осылайша дүние жүзінің жанкүйерлері тағатсыздана күтіп отырған Головкин-Альварес арасындағы айқас, қыркүйек айының 16 жұлдызында АҚШ-та өтеді деп жоспарлануда.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *