Қазақстанда кинотеатрлар жабылатын болды

123

Еліміздегі сауда орталықтарындағы кинотеатрлар коронавирустың таралу қаупіне байланысты уақытша жабылатын болады.Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ресми мәлімдеме жасады.

Ералы Тоғжанов: «Сауда орталықтары мен дүкендердің жұмысын тоқтатпаймыз. Себебі олар халықты азық-түлікпен қамтамассыз етуі тиіс. Кинотеатрлардың жұмысын тоқтату туралы мәселені шешу оңайға соққан жоқ. Өздеріңізге белгілі, киноның көрсетілу ұзақтығы 1 сағаттан астам уақытты құрайды. Ал көп адамдардың ұзақ уақыт бойы кинотеатрларда отыруы короновирустың таралуына себепші болуы мүмкін»- деген тұжырым жасады.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *