Жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі

286

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аумақтық Қорғаныс істері департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов кездесуге қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының басым бағыттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы хабардар етті.

Спикер атап өткендей, өткен жылдан бастап қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілік институты әрекет етеді. Сонымен қатар, Қаазқстан заңнамасына сәйкес енгізілген нормалар 2019 жылғы 10 желтоқсаннан бастап, яғни тиісті түзетулер заңды күшіне енгеннен кейін жасалған құқық бұзушылықтарға таратылатынын атап өту керек. Өз ұжымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі түрде шаралар қолданбайтын басшылар да дербес жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ, Қорғаныс істері департаменттің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы ақпарат хабарлауға болатын 1424 Саll-орталығының жұмысы туралы ақпараттандырылды. Ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап қылмыстардың ауырлық дәрежесіне байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлағаны үшін сараланған сыйақы жүйесі қолданылады.

Сонымен қатар, Бақытжан Әмірханов өз сөзінде әскери ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығына, шақыру комиссиясының жұмысын күшейтуге, сондай-ақ әскери оқу орындарына түсу және келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау рәсімдерінің ашықтығына баса назар аударды.

Бұдан басқа, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бейнематериалдар көрсетілді.  Кездесу соңында халықтың әскери қызметшілерге, жалпы алғанда, құқық қорғау органдарына деген сенімі мемлекетке әскери қызмет өткеретін әрбір адам үшін басты бағдар болуы тиіс екендігі атап өтілді.

 

Динара Нұртаз, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *