Балабақшалар жұмысын тоқтатпайды

197

Балабақшалар жұмысы қалыпты жағдайда жалғаса береді. 16 наурыздан бастап, санитарлы-профилактикалық шаралар күшейтіледі. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындар мен қоғамдық көліктердің барлығы міндетті дезинфекцияланудан өтеді. Оқушылардың кезектен тыс демалыс уақытында экскурсиялар мен түрлі іс-шараларға қатыстырылмаулары жіті қадағаланатын болады. 1 A, 1Б, 2 және 3 категориялардың санатына жататын елдерге саяхаттауға тиым салынды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: «Қазіргі уақытта елімізде коронавирус анықталмағандықтан, республика аймағындағы барлық балабақшалар өз жұмысын тоқтатпайды. Аталмыш фактілер тіркелген жағдайда, тиісті шаралар қолданылатын болады» — деп мәлімдеме жасады.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *