Коронавирус кедергі болды

189

Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша бүгін, сағат таңғы 07:00 де отандасымыз Аман Қазанқапов кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізуі тиіс еді. 22 жасар қазақстандық боксшыға мексикалық Хулио Орнелас қарсылас атанады деп күтілген. Тіпті қос спортшы салмақ өлшеу рәсімінен де өтіп қойған. Бірінші орта салмақта өнер көрсететін боксшылардың кездесуі коронавирустың алдын алу шараларына байланысты кейінге шегерілді.

Канаданың Монреаль қаласының аймақтық денсаулық сақтау департаментінің қаулысы бойынша спорттық іс-шараны өткізуге тыйым салынды. Жарыс ұйымдастырушылары боксшылардың кездесуін көрерменсіз өткізуге өтініш білдірген. Алайда Монреаль қаласының денсаулық сақтау министрлігі бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Бокс жанкүйерлерінің осы кешке арнайы сатып алған билеттерінің ақшасын Eye of the Tiger промоутерлік компаниясы кері қайтарып беруге мәжбүр болды. Компания басшылығы алдын-ала онлайн төлем арқылы билет алған көрермендерден  аталмыш жағдайға байланысты кешірім сұрады.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *