КОРОНАВИРУС Қазақстанға жетті

348

Германиядан елге оралған екі қазақстандықтан коронавирус анықталды. Шұғыл жаңалыққа байланысты Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеме жасады. Елжан Біртанов: «Өздеріңізге белгілі болғандай  біз коронавирусқа қарсы 3 ай сақтық шараларын жасадық. Елімізде вирустың таралуының алдын алуға арналған арнайы жоспар құрдық. Бүгін Германиядан келген екі отандасымыздан коронавирус белгілері байқалып, тексеріс барысында коронавирус анықталды. Олардың қазір жағдайы қалыпты. Арнайы стационарда ем қабылдауда. Тиісті шараларды іске асырудамыз»- деп жауап берді.

9 наурыз күні елге оралған отандастарымыз мінген ұшақта 73 адам болған.Қазір олардың аты-жөндері мен тұрғылықты мекен-жайы анықталды. Ұшақ бортында болған барлық адамдар 14 күндік арнайы оқшауландыру карантинінде болады.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *