Алматы төтенше жағдай режиміне көшуі мүмкін

349

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус анықталғаннан кейін, іске асыралатын бірқатар шаралар жөнінде баяндама жасады. Министрдің айтуынша вирус жұқтырған қос азаматтан бөлек, ұшақта болған барлық адамдардың қанша адаммен байланыста болғандығы анықталуда. Сондай-ақ қаладағы барлық ауруханалар төтенше жағдайда науқастарды қабылдауға дайындалуда. Қосымша 1500 адамға арналған оқшаулау орталықтары ашылады. Дәрігерлер қала тұрғындарын алып-қашпа сөздерге ермей, әр адамның қолынан келгенше сақтық шараларын ұстанып жүруге шақыруда.

Бексұлтан Нұрланұлы 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *