UFC 249 турнирі өте ме?

313

Жанкүйерлер ұзақ күткен Хабиб Нұрмағамбетов пен Тони Фергюсон арасындағы айқас сәуір айының 18 жұлдызында өтеді деп жоспарланған болатын. Тіпті осы жекпе-жекке арналған арнайы пресс конференция кезінде Хабиб Тонидің чемпиондық белбеуін бір теуіп, спорт сүйер қауымның ашу-ызасын келтіргені де белгілі. Бүгін UFC 249 шарасының коронавирусқа байланысты кейінге шегерілуі мүмкін деген алып-қашпа сөздер әлеуметтік желіде таралып, көпшілік өз наразылықтарын білдіре бастады.

Осы орайда дағыстандық спортшының менеджері Twitter әлеуметтік желісі арқылы ресми мәлімдеме жасады. Али Абдел Азиз: «UFC кез-келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алатын ұйым. Көрермендер болса да, болмаса да бұл жекпе-жек белгіленген уақытында өтеді. Біз жанкүйерлердің талабын орындауға тиіспіз»- деп жазба қалдырды.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *