Теміржол вокзалдары мен жолаушылар вагондарында сақтық шаралары жасалынды

402

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап коронавирустың алдын алу жөніндегі ертерек әрекет ету шаралары қабылданып жатыр. Бұл туралы «қазақстан темір жолы» ҰК» баспасөз қызметі мәлім етті.

Сонымен, 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап Достық станциясына дейін Алматы – Үрімші және Нұр – Сұлтан – Үрімші жолаушылар пойыздарының жүру бағыттары қысқарды.

Жолаушылар пойыздарында коронавирустың алдын алу жөніндегі барлық жүргізіліп жатқан іс-шаралар денсаулық сақтау саласының уәкілетті органы (ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті) талаптарына сәйкес қатан түрде жүргізілуде.

Нұр – Сұлтан қаласы бойынша ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесе жолаушылардан немесе қызмет көрсететін персоналдан коронавирус күдігін анықтаған кезде пойыз бригадасы қызметкерлерінің іс-әрекеттері тәртібін регламенттейтін нұсқама әзірленді.

Тұрақты негізде рейстің алдында пойыз бригадаларымен нұсқаулық өткізілуде.Вагонға отырғызар алдында жолсерік жолаушылардың коронавирус індеті тараған елдерде болған-болмағаны жөнінен ауызша сұрақтар қойып хабардар болуы керек.Ондай жолаушылар анықталған жағдайда анкета толтырылады және ақпарат ары қарай шаралар қабылдануы үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ орталық аппаратына жіберіледі.

Сапар барысында коронавирус белгілері пойыз бригадасы қызметкерінде немесе жолаушыда анықталған жағдайда пойыз басшысы әлгі жолаушыны өзге жолаушылардан оқшаулауы және пойыз машинисін хабардар етуі тиіс. Тұрақты негізде вагондарда шоғырландырылуы, айналымы және келуі пунктерінде бактерия мен вирустарға қарсы зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.Қабырға, төбе, еден, үстел, диван және терезе беті дезинфекцияланады. Ол санитарлық ереже талаптарына сәйкес препараттармен сүрту, шашу, құнарландыру тәсілімен жүргізіледі.

Сондай-ақ жолаушылар пойызы айналымы пунктерінде қоқыс жәшіктері мен дәретхананы зарарсыздандыру қолға алынған. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарында келесідей сақтық шаралары қабылданған:

  1. Вагондарда жолаушылар үшін көрнекі ақпарат және жадынама, фирмалық және коммерциялық пойыздардың мультимедиялық порталдарында коронавирустың алдын алу жөніндегі бейнероликтер орналастырылған
  2. Жол жүру барысында зарарсыздандыру құралдарын қолдана отырып 4 реттен кем емес ылғалды тазарту жүргізіледі. Пойыздарда ауру анықталған жағдайда зарарсыздандыру құралдары, медициналық маскалар және өзгелері (шүберек, шелек, есепке алу дәптері) қарастырылған.

Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан теміржол вокзалдарында коронавирус таралуының алдын алуда және қауіпсіздік шараларын қабылдауда.

Нұр – Сұлтан, Алматы, Семей қалаларындағы және Достық станциясы вокзалдарына ерекше назар аударылуда.

Аталған вокзалдардың есепшілері, кезекшілері мен өзге де қызметкерлері антисептиктермен, қорғаныш қолғаптарымен, маскалармен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ жұқпалы індет белгілері бар тұлғалар анықталған жағдайында қауіпсіздік шаралары мен іс-әрекеттері бойынша қызметкерлерге нұсқаулықтар өткізілуде.

Еліміз бойынша вокзалдарда барлық ғимараттарды зарарсыздандыруды тұрақты жүргізуге арнайы жуу құралдарының жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген.

Бұнымен қоса аурудың алдын алу шаралары туралы жолаушыларды дауыс зорайтқыштар бойынша хабарландырулар жүргізіліп, желдету жүйелеріне ревизия ұйымдастырылып, коронавирус індеті белгілері туралы жаднама орналастырылған.

Сонымен қатар коронавирус індеті таралуы кезеңінде өз жоспарларын өзгертіп, жол жүру құжаттарын (билеттерін) өткізу туралы шешім қабылдаған жолаушылар оны билет сатып алынған орындардан: интернет-сайттары мен билет кассаларында жүзеге асыра алады. Сұраулар саны артқан кезде билеттерді кері қайтару процесі күткендегіден көп уақыт алуы мүмкін.

Жолаушыларды қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауға шақырамыз.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *