Алматыда санитайзер орнатпаған мекеме басшыларына айыппұл салынады

346

Алматыда дезинфекциялық құралдар орнатпаған кәсіпкерлерге айыппұл салынады. Бұл туралы бүгін әкімдікте өткен брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты.

Әкімнің орынбасары қалада өтетін дезинфекциялық шаралар туралы тілге тиек етті. «Бұл жұмыстар басталып кетті. Штаб отырысында жаппай сондай талап қойылды. Мектептер мен балабақшаларды, кинотеатрларды, концерттерді өткізбеуге болады. Бірақ қоғамдық көлікті тоқтата алмаймыз. Жекеменшік болсын, мемлекеттік болсын автопарктердің барлығын күнде көліктерді зарарсыздандырып тұруға бұйрық бердік. Ең алдымен автобустар мен метрода дезинфекция шараларын жасау басты шарт болып отыр», — деді Сапарбек Тұяқбаев. Оның айтуынша, барлық мекемелерде санитайзерлер орнатуға талап қойылған. «Санитайзерлер метро, қоғамдық орындарда, ауруханаларда, емдеу мекемелерінде қойылуы шарт. Тапшылық мәселесі шешілді. Тексеру жүргіздік. Кейбір кәсіпкерлер орнатпаған. Енді орнатпаған кәсіпкерлерге айыппұл салынады», — деді С.Тұяқбаев.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *