Коронавирус: Ауру белгілері байқалса, жедел жәрдемге хабарласқан жөн

330

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу қағидалары жөнінде айтып берді.

«Бұл стационар қаланың сыртында, бөлек ғимаратта ашылған. Сондықтан, өзге нозологиялық формадағы науқастар бөлек стационарда қаралады. Медқызметкерлер қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша арнайы оқытудан өткен», — деді басқарма басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, аурудың басты белгілері — жоғары температура мен жөтел байқалса, үйде отырған жөн. «Мұндай белгілермен медициналық мекемелерге бармауларыңызды сұраймыз. Оның орнына колл-орталыққа немесе жедел жәрдем қызметіне хабарласып, кеңес алыңыз. Кореяда жаңа инфекцияны жұқтырған науқастар емханаға келіп, тұтас клиникаларды қызметкерлерімен, кезек күткен адамдармен бірге карантинге жапқан оқиғалар болды. Бұл тәжірибе біздің де медициналық ұйымдарда қолданылады. Сондықтан, біздің кеңестерді қатаң ұстануды сұраймыз», — деді С. Қисықова.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *