Мұғалімдерге демалыс кезінде мектепке бармауға рұқсат берілді

126

Мұғалімдерге 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында көктемгі демалыс уақытында мектепке бармауға рұқсат берілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Өздеріңіз білесіздер, демалыс кезінде мұғалімдер жұмысқа барады, әдістемелік жұмыспен және басқаларымен айналысады. Біз осы жолы демалыс кезінде мұғалімдер әдістемелік, дайындық жұмыстарын үйде қалып, орындай алады деген шешім қабылдадық», — деді министр.

 Ол мұғалімдердің жалақысы сол қалпында қалатынын ескертті.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *