Nur Otan отырысы өтпейтін болды

485

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болмайды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 «Коронавирус індеті таралу қаупінің алдын алу үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты «Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылады», — деп жазған Байбек Twitter желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Германияда да коронавирусқа байланысты 25 сәуірге жоспарланған Христиан-демократиялық одағының партиялық съезі кейінге қалдырылды. Сонымен қатар, АҚШ-та Байден мен Сандерс дебаттары COVID-19 таралуына байланысты Аризона мен Вашингтонға ауыстырылды. Ал CNN телеарнасы дебаттар көрермендердің қатысуынсыз өтетінін жариялады.

Еске салайық, қазіргі уақытта төрт қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны белгілі. Екеуі Алматыда ауруханаға жатқызылған, олар Германиядан 9 және 12 наурыз күндері келген. Бір науқас 12 наурызда Италиядан келген. Тағы бір қазақстандық Германияда ауруханаға жатқызылған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *