Түнгі клубтағы іс-шараларға тыйым салынады

398

Қазақстанда коронавирустың таралу қаупіне байланысты түнгі клубтарда іс-шараларға тыйым салынады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. 

«13 наурыздан бастап адам көп қатысатын бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Түнгі клубтар — осы регламентке сәйкес келеді. Сондықтан да, бұл мекемелерде іс-шаралар өткізуге тыйым салынады, себебі адамдардың жаппай жиналуы белгілі бір қауіп төндіреді», — деді Раимқұлова ОКҚ брифингінде.

 Еске салайық, 13 наурыздан бастап Қазақстанда бұқаралық мерекелік, спорттық, ойын-сауық-мәдени іс-шараларды, конференция, семинар, көрмелер және басқаларын өткізуге тыйым салынды. Жоспарланған спорттық ойындарды тоқтатпау үшін оларды көрерменсіз өткізуге шешім қабылданды.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов үкіметтің адамдарға қонаққа баруға тыйым сала алмайтынын айтты, сондықтан қазақстандықтардан тойларын кейінге қалдыруды сұраған.

Базарлар мен сауда орталықтары тұрғындарды қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін бұрынғы режимде жұмыс істейді, алайда СОО орналасқан кинотеатрлар жұмыс істемейді. Себебі жабық бөлмеде адамдарды бір сағаттан артық қалдыру қауіпті болуы мүмкін.

 Tengrinews.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *