Нұр-Сұлтандағы спорттық нысандар жабылды

124

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена», «Астана Арена» стадионы, «Алау» мұзайдыны сарайы секілді бірқатар спорттық нысандар уақытша жұмысын тоқтатты. Спортшылардың оқу-жаттығу жиындары мерзімінен бұрын аяқталып, кейінге шегерілді. «Barys Arena Pool» жүзу бассейні адамдарды қабылдауын доғарып, конькимен сырғанауға да шектеу қойылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресми түрде коронавирусты індет деп хабарлағаннан кейін, мемлекет вирустың таралуының алдын алу мақсатында осындай шешім қабылдады. Мамандар тұрғындарға ресми мәліметтерге құлақ асып, көпшілік жиналатын орындарға бармауға кеңес беруде.

Бексұлтан Нұрлаұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *