ҚХЛ плей-офф кезеңіне байланысты шешім қабылдайды

146

Құрлықтық Хоккей Лигасы коронавирусқа байланысты «Гагарин Кубогы» жолындағы жарысты кейінге шегеруі мүмкін. Жарыс тағдыры 17 наурызда өтетін жиында талқыға түседі. Мамандардың болжамы бойынша, ойындар кемінде 2 аптаға шегеріледі. Бүгін Финляндия үкіметінің кеңесіне құлақ асқан «Йокерит» командасы, коронавирустың таралуына байланысты плей-офф кезеңінде жарыс жолына шығудан бас тартты. Елордалық «Барыс» командасының құрлықтық хоккей лигасы аясындағы ресейлік «Сибирь» хоккейшілеріне қарсы  қос кездесуі көрермендерсіз өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда елдегі соңғы жағдайларға байланысты, бұл ойындар да кейінге шегерілуі ықтимал.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *