Брифингтер онлайн форматқа көшеді

164

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індетіне байланысты брифингтерді онлайн түрде өткізуге мәжбүр. Министрліктің мәліметі бойынша бұл формат халықты жылдам ақпараттандырып, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қауіпсіздігі үшін тиімді көрінеді. Алғашқы онлайн брифинг бүгіннен бастап тұрақты түрде өтетін болады. «Хабар 24» арнасы тікелей эфирде трансляция жасайды. Министр Елжан Біртанов коронавирусқа байланысты қолда бар соңғы ақпараттармен бөліседі.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *