Елімізде тағы екі адамнан коронавирус табылды

124

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы екі жағдайы тіркелді.

«Қазіргі таңда Қазақстанда 8 науқас бар. Бәрі оқшаулауда», — деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасынан тікелей эфирде.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың бірі Сеулден ұшып келген.«Бүгінгі таңда қосымша тағы екі адам тіркелді. Бірінші науқас — әйел адам. Біздің инфекциялық стационарда оқшаулауда жатқан пациент. Бұрын күйеуінде диагноз анықталып, жақын байланыстағы адам ретінде оқшаулауда жатқан. Қосымша диагностиканың нәтижесінде коронавирус инфекциясы анықталды. Оның отбасындағы жақындарының бәрі оқшаулауда», — деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасынан тікелей эфирде.

Министр екінші адам ер кісі екенін, кеше «Сеул-Алматы» ұшағымен келгенін атап өтті. «Ұшақтан келген 130 жолаушының ішінде трансфермен кеткені бар. Бәрі де 100 пайыз инфекциялық ауруханаға және стационарға жатқызылды. Сонымен қалаға ешкім кірген жоқ. Ішінде бір пациентті анықтадық», — деді ол.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *