Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне мәлімдеме жазды

260

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің кезекті жекпе-жегіне байланысты мәлімдеме жасады. Ганалық боксшы Исса Самирғе қарсы кездесу наурыздың 28 жұлдызына жоспарланған еді. Алайда әлемдегі соңғы жаңалықтарға байланысты жағдай өзгеруі мүмкін. Квебек қаласының денсаулық сақтау ұйымы жекпе-жекте белгісіз мерзімге шегеріп, немесе мүлдем өткізілуіне шектеу қою мүмкін деген ақпарат та тарап кеткен.

Жәнібек Әлімханұлы Twitter парақшасында:»Өкінішке орай қазір коронавирустан гөрі, жалған ақпараттың зардабы басымырақ болып тұр. Әзірге ештеңе белгісіз. Жанкүйерлерді уақытынан бұрын байбалам салып, дүрлікпеуге шақырамын. Ресми ақпарат пайда болған кезде, сіздермен міндетті түрде бөлісетін боламыз»- деді спортшы.

Бексұлтан Нұрланұлы 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *