«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жұмысын уақытша тоқтатты

86

Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі уақытша келушілер үшін өз жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл шаралар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 14 наурыз 2020 жылғы №63 бұйрығына сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары аясында қолға алынды.

Ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан бегім кесенесі, Сауран қалашығы, Үкаша ата, Әлқожа ата, Гаухар ана кесенелері мен Күлтөбе қалашығы мен қорық-музейге қарасты өзге де тарихи — мәдени орындарға келушілер үшін уақытша шектеу қойылады. Зиярат орындарының нақты қашан ашылатыны қосымша хабарланатын болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *