«Домбыра» фильмі екі бірдей халықаралық кинофестивальге қатысады

377

Режиссері Рамазан Қалиолланың қысқаметражды «Домбыра» фильмі 12-15 наурыз аралығында Санкт-Петербург қаласында өтетін Sensus Халықаралық кинофестиваліне іріктелді.

         Фестиваль аясында әлемнің түкпір-түкпірінен көркем және қысқа метражды көркем фильмдер, деректі және анимациялық туындылар мен музыкалық бейнебаяндар көрсетіледі. Фестивальдің мақсаты – режиссерлерді қолдау және кинематографияны насихаттау.

Сонымен қатар, «Домбыра» фильмі 2020 жылдың 14-28 наурызаралығындаөтетін 19-шы Халықаралық KidsFirst кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына іріктелді.

Аталған кинофестиваль өз көрермендерін әлемнің ірі студиялары, жекеменшік компаниялар мен жас киногерлер түсірген балаларға арналған фильмдермен таныстырады. Kids Firs байқауына қатысатын туындылар 50-ден астам алаңдарда көрсетіледі.

Естеріңізге салсақ, «Домбыра» фильміҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі  түсірген. Картинаның желісі домбыраның құлағында ойнап, үлкен сахнада өнер көрсетуді армандаған Әсет есімді баланың өмірін баяндайды.

Айта кетсек, аталған кино туынды былтыр Алматыда өткен IV Халықаралық BaiqonyrISFFкинофестивалінің конкурстан тыс бағдарламасында көрсетіліп, «Бродвейдің таңдауы» сыйлығын алған. Сондай-ақ бұл фильм Нью-Дели қаласында өткен 8-ші Халықаралық  қысқаметражды фильмдер кинофестивалінде  (DelhiShortsInternationalFilmFestival) «Үздік фильм» жүлдесін жеңіп алды.

Ескерте кетейік, «Домбыра» фильмінің режиссері Рамазан Халиолла 1994 жылы 15  мамырда Қарағанды облысы, Балхаш қаласында дүниеге келген. 2012-2017 жылдар аралығында Нұрсұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде, «Режиссер, кино және телеарна продюссері» мамандығы бойынша оқыған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *