Оқу-білімге байланысты сантүрлі сауалдың жауабы

330

Оқу-білімге қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген қаптаған сауалдарға байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бұйрығы:
1.Мектепке дейінгі білім беру мекемелері штаттық режимде жұмыс істеуде. Бала келмегені үшін бақшадан шығарылмайды. Орын сақталады. Ата-аналарға мүмкіндігінше бүлдіршіндерді үйде қалдыруға кеңес беремін.
2. 16 наурыздан бастап мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатылды. ҚР БҒМ ата-аналарға балаларын жекеменшік дамыту орталықтарына да апармауға кеңес береді.
3. 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін балалар көктемгі демалыста. Осы уақытта мектеп мұғалімдері қашықтықтан жұмыс істейді. Әдістемелік және сабаққа дайындық жұмыстарын үйде отырып орындауға болады. Ал мектеп директорлары педагогтердің айлықты толық төлеу туралы актілерді қабылдайды.
4. 16 наурыздан бастап колледждер мен ЖОО студенттері қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшуде.
5. Оқу процесін ұйымдастыру үшін педагогтер мен студенттерге электрондық платформаларға кіруге жағдай жасалады. Бізде «Bilimland», «Google Classroom», «MOODLE», «Univer», «Platonus», «Canvas», «Daryn.online» сынды жақсы жүйелер бар. Сондай-ақ “Coursera” өз курстарын тегін ұсынды, «ZOOM» оқыту барысында сервисті тегін пайдалануға жағдай жасады.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту шамалы күрделі жақтары бар. Қазіргі уақытта арнайы жүйелерге контент жүктеу, ОӘК енгізу, СБР бойынша үлкен жұмыс атқарылуда.

Колледждер мен жоғары оқу орындарының педагогтері де қашытықтан жұмыс істеуіне жағдай жасалауы керек. ЖОО мен колледж басшыларына осыған қатысты тиісті тапсырмалар бердім.
6. Жатақханаларға қатысты қаладан кете алмайтын студенттер жатақханаларда тұра береді. Бірақ олар тек өз бөлмелерінде болулары тиіс.
7. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстары онлайн форматта өтеді.
8. Оқушылардың республикалық олимпиадалары кейінге шегерілді.
9. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер халықаралық іс-шараға қатысуға тыйым саламын.
10.Індеттің таралу кезеңінде әлемде 30 мектепті уақытша жапты. Осы орайда, ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар, студенттер белсенді атсалысайық!




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *