Енді бір ай бойы Қазақстан чемпионаты өткізілмейді

240

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы COVID-19 коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға байланысты өткізіліп жатқан барлық жарыстардың тоқтатылатыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Футболдан Қазақстан Чемпионаты, Қазақстан Кубогы, Бірінші Лиганың және Екінші Лиганың матчтары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 16 наурыздан 15 сәуірге дейін енгізілген төтенше жағдайға байланысты тоқтайды.   Адамның денсаулығы мен әл-ауқаты, сондай-ақ вирустың таралуын болдырмау қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бірінші кезектегі міндеттер болып табылады. Біз барлығын сабырлы болуға және барлық алдын-алу шараларын қабылдауға шақырамыз. Матчтардың өтетін күндері туралы шешім кейінірек қабылданады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *