Елеусінов еленбей қалды….

313

The Athletic порталының журналисті әрі инсайдері Майк Коппинджер бокс сүйер жанкүйерлер үшін жағымсыз жаңалықпен бөлісті. Оның айтуынша Американың Оксон-Хилл қаласында өтуі тиіс бокс кешіне АҚШ-тың атлетикалық комиссия мүшелері шектеу қойған. Әйгілі MGM Grand аренасында болады деп күтілген спорттық іс-шараның басты кездесуінде америкалық Реджис Прогрейс пен Морис Хукер өзара мықтыны анықтауы тиіс еді. Ал осы кештің аясында отандасымыз Данияр Елеусінов бірнеше тұжырым бойынша чемпиондық белбеудің иесі болған Джулиус Индонгомен күш сынасады деп жоспарланған болатын.

«Коронавирустан сақтану және алдын алу шараларына байланысты, АҚШ үкіметінің жалпыға ортақ заңына спортшылар да, матчмейкерлерде бағынады. Кездесу жаз айына шегерілуі мүмкін. Көрермендер 8 апта бокссыз қалады. Денсаулық спорттық шаралардан да маңызды» — деген Майк Коппинджер, өз оқырмандарын барлық жағдайға салқынқандылықпен қарауға шақырды.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *