UFC барлық турнирлерін кейінге шегерді

454

Аралас жекпе-жек ұйымдарының ішінде ең соңғы болып кештерін кейінге шегеруге мәжбүр болған тұжырым UFC болды. Себебі оның басшысы Дана Уайт осы уақытқа дейін жоспарланған шоуларын көрерменсіз өткізсе де жоспарынан ауытқымауға шешім қабылдаған еді. Алайда Невада атлетикалык комиссиясы 50 адамнан артық жиналатын барлық спорттық іс-шаралардың өткізілуіне қатаң тыйым салды.

Осылайша Лондон, Колумбус, Портленд қалаларында наурыз және сәуір айларында өтетін жекпе-жектер белгісіз мерзімге шегерілді. Коронавирустың кесірінен спортшылар ұзақ уақыт сегізбұрышта өнер көрсете алмайды. Денсаулық маңызды екендігін ескерсе де, спортшылардың менеджерлері мен командалары ұзақ уақытты алған жаттығу процессінің босқа кеткенін, сонымен қатар көптеген қаржылық шығынға тап болғандарын ашық айтуда.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *