Жастар: «Билікке келіп, адами келбетіңізді жоғалтпаңыз»

280

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында Көкшетау қаласының Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Ақпараттық-ағарту штабының мүшелері студенттік жастармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында колледж оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық, әлеуметтік және мәдени аспектілер туралы ақпараттандыру және ағарту бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Ақпараттық-ағартушылық штаб өкілдері атап өткендей, түсіндіру кездесулері халықтың түрлі топтарына арналған түрлі тәсілдерді қолдана отырып, интерактивті сипат алуға бағытталған. Бұл орайда, штаб құрамына өңірдің қоғамдық пікір көшбасшылары, мемлекеттік мекемелердің, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері, БАҚ және басқалар да енгізілген. Штаб құрылған сәттен бастап құқық қорғау органдарында, мемлекеттік органдарда, медициналық және білім беру мекемелерінде, квазигоссектор ұйымдарында, сондай-ақ облыс аудандарында 40-тан астам кездесу өтті.

Өз кезегінде, колледж студенттері Николай Гогольдің «Ревизор» шығармасынан үзіндінің театрландырылған қойылымын, атап айтқанда әрбір кейіпкерлер өз әлсіз өмір туралы ойлауға мәжбүр болатын «үнсіздік» қойылымын көрсетті. Пьесада ар-ұят пен жауапкершілігі жоқ парақорлар мен қазына ұрлаушылардың әлемі сипатталады, шенеуніктердің күнәлілігі мен екіжүзділігі мазақталады.

Кездесу соңында жастар еліміздің болашағы әр адамның тәрбиесіне байланысты екенін, сондай-ақ, адалдық, әділдік және мейірімділік сияқты адами қасиеттер бала кезінен бастап тәрбиеленуі тиіс деген пікір білдірді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *