Дәрігерлерге қосымша ақы төленеді

384

Коронавирусқа байланысты төтенше жағдай кезінде жұмылдырылған дәрігерлерге қосымша 2-3 есе ынталандыру ақысы төленеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

«Қазіргі таңда алдыңғы шепте жүрген барлық дәрігерлер , оның ішінде жедел-жәрдем болсын, жұқпалы аурулар дәрігері, карантинде жұмыс істеп жатқан жалпы жұмылдырылған дәрігерлерге министрлік тарапынан жеке бұйрығы бойынша ынталандыру жүйесі енгізілді. Қосымша 2-3 есе өтемақы беріледі. Осы 3-4 айға белгіленген. Себебі олар халық денсаулығы үшін күресіп жатыр. Ең алдымен соларды ынталандыру үшін қабылданды», — деді Диас Ахметшәріп.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *