ҚАЖД Медеу аудандық пробация бөілімі ардагерлерге құрмет көрсетті

266

Ұлыстың ұлы күні мейрамының қарсаңында Алматы қаласы ҚАЖД Медеу аудандық пробация бөілімінің қызметкерлері ардагерлерді ескерусіз қалдырмады.

Атап айтқанда, Медеу ауданында тұратын ҚР ІІМ ардагері  К.К.Дмитриенконы қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлері құтықтап, жылы лебіздерін білдіріп, сый-сыяпаттарын табыс етті.

«К.К.Дмитриенко —  кең байтақ елдің мақтанышы,  барлық қиындықтарына төзе білген батыр Ана!  Наурыз мейрамында ардагерімізді барынша құрметтеп,   денсаулық,  ұзақ өмір, күш жігер және денсаулық тілейміз. Әр күніңіз мейірімге  толы болсын!» — дейді Алматы қаласы ҚАЖД Медеу аудандық пробация бөілімінің  қызметкерлері.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *