Шымкент медициналық маска шығара бастады

166

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасымен, қаладағы бірнеше тігін цехтары медициналық маска тігуге кірісті. Солардың бірі «Гаухар» тігін цехі. Ұжымның жұмысымен қала әкімі жеке танысып қайтты.  450 қызметкерді жұмыспен қамтып отырған мекеме, тәулігіне 500 мың медициналық маска тігуге қауқарлы. Осылайша қала басшылығы оңтүстік өңірдегі медициналық маска тапшылығы мен аталмыш тауар құнының күрт өсуі секілді бірқатар мәселелерді өздері шешуге кіріскен.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *