Мемлекет басшысы Расул Жұмалыны қабылдады

943

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Расул Жұмалыны қабылдады, — деп хабарлайды Ақорда. 

Кездесу барысында еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі ахуалы және оны дамыту, отандық контенттің сапасын арттыру, мемлекеттік тілді өркендету, сондай-ақ, қоғамдық-саяси, ағартушылық жұмыстар жайында сөз болды.

Бұдан бөлек саясаттанушы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамаларына қолдау білдіріп, оның жұмысын одан әрі ілгерілетуге, жастар саясаты мәселесіне қатысты өз ойымен бөлісті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *