Италияда коронавирусқа шалдыққан қарттарды ешкім емдемейтін болды

110

Италияда коронавирусқа шалдыққан қарт адамдарды ешкім емдемейтін болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz The Telegraph-қа сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, жергілікті шенеуніктерде ауруханаларда орын жетпеген жағдайда ем алмайтын науқастардың тізімі жазылған құжат бар.

Құжатта 80 жастан асқан және бестен аса созылмалы ауруы бар қарт адамдардың емделмейтіні айтылады. Сондай-ақ, науқастардың жансақтау бөлімінен соң қайта қалпына келуі қаншалықты мүмкін екені ескеріледі дейді.

«Міндетті түрде бұл талаптарға сай келу керек. Бұл құжат науқастар саны көбейген жағдайда кімді емдеу қажет екенін таңдауға көмектеседі«, — деді денсаулық сақтау мәселесі жөніндегі кеңесші Луиджи Икарди.

Құжат енді заңды күшіне енеді.

Еске салайық, мұның алдында Италияда бір тәулікте коронавирустан 350-ге жуық адамның қайтыс болғаны хабарланған болатын. Елде дерттен өлім құшқандардың саны 2 мыңнан асып кетті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *