Парламент Мәжілісі 15 сәуірге дейін қашықтықтан жұмыс режиміне көшеді

344

Парламент Мәжілісі 18 наурыздан 15 сәуірге дейін қашықтықтан жұмыс режиміне көшеді, — деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Мұндай шара коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты елде төтенше жағдайдың енгізілуіне қатысты қабылданды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Парламент Мәжілісі ғимаратында парламенттік іс-шараларға қатысушылар мен келушілер, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін шектеу енгізілді.

Мәжілістің барлық шаралары (жұмыс топтары, бейінді комитеттердің отырыстары, «үкімет сағаттары», жалпы отырыстар) Палатаның ресми www.parlam.kz веб-сайтында онлайн режимінде көрсетіледі. Сондай-ақ Мәжілістің сайтында өткен шаралар туралы қысқаша мәліметтер мен суреттер жедел түрде жарияланады. Сонымен қатар, барлық қажетті ақпаратты баспасөз қызметінен: 74-63-04, 74-63-05, 74-68-44 телефондары арқылы алуға болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *