ДДСҰ-ның екі қызметкерінен коронавирус анықталды

172

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Женевадағы штаб-пәтерінің екі қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ДДСҰ-ның ресми өкілі Кристиан Линдмайер брифинг барысында айтты.

«Біздің екі қызметкерімізден COVID-19 індеті анықталды. Бұл жағдай өткен аптаның бейсенбі және жұма күндері тіркелді. Олардың екеуі де оқшауландырылды. Кеңседегі өзге әріптестеріміздің барлығы тексеруден өтті. Қазір соның нәтижелерін күтіп отырмыз», – деді Линдмайер.

Қазіргі уақытта ДДСҰ қызметкерлері үйлерінде жұмыс істеуге көшкен.

Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *