АҚШ-та коронавирустың алғашқы вакцинасы егілді

261

АҚШ-та әлі де дамытуды қажет ететін коронавирусқа қарсы тұңғыш вакцина адамдарға алғаш рет сыналды. Вашингтон ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары адамдарға вакцинаның алғашқы дозасын жасады. Содан кейін 45 ерікті вакцинаның 2 дозасын 1 ай ішінде алады. Ғалымдар бұл бастаманы вакцинаның қауіпсіздігін, және оның шын мәнісінде науқас адамға пайдасын анықтау мақсатында жасалып жатқан алғашқы шаралардың бірі деп түсіндіруде. Ғалымдар індетке қарсы ойлап табылған вакцина сынақтан сәтті өтіп, оң нәтиже берер болса, бүкіл әлем жұртшылығы үшін тамаша жаңалық боларына сенімді.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *