Алматыны азық-түлікпен қамтитын жасыл дәліз қалай жұмыс істейді?

223

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев онлайн брифинг барысында қаланы азық -түлікпен қамтитын Жасыл дәліз қалай жұмыс істейтінін түсіндірді,

–Қазір біз кәсіпкерлермен өзара байланыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Кәсіпкерлердің қоған сұрақтары көп. Өндірушілер, логистикалық компаниялар, ірі сауда орталықтары тауарларын қалаға кіргізіп, қаладан облысқа қалай шығарамыз деп жатыр. Қаланың шекарасында болсын, ішінде болсын, олардың қозғалуына рұқсат беріледі. Әлбетте СЭҚ талаптарын сақтаған жағдайда олар үшін жасыл дәліз ашылады. Қазір «Алтын орда» орталығымен логистикалық мәселелер шешіліп жатыр. Егер олардың қозғалысына қандайда бір шектеу, қысым болса, біз арнайы штаб телефондарын береміз. Сол арқылы кәсіпкерлер шағымын жеткізе алады, — деді қала әкімінің орынбасары.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *