Жолаушылар билетінің ақшасы толық көлемде қайтарылады

146

Төтенше жағдай жариялануына байланысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жолаушылар билетінің ақшасын толық көлемде қайтару туралы шешім қабылдады.

«Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты бүгін кассаларда билет құнын қайтару бойынша жүктеме айрықша жоғары болды. Қайтарылған билеттердің ақшасы төлық көлемде, ешқандай айыппұл ұсталмай беріледі. Барлық касса тәулік бойы күшейтілген режімде жұмыс істеуде», — дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Маркетинг және сату департаментінің директоры Алмас Айтбаев. Оның айтуынша, қоғамдық орында адамдар көп жиналып қалмас үшін жолаушылар түсіністік танытып, билет ақшасын қайтарып алуға кейінірек – 6 ай ішінде келуіне болады. «Кезекте тұрған адамдар өте көп болғандықтан, кейбір кассаларда ғана қажетті көлемде қолма қол ақша тапшылығы болды. Ал жалпы алғанда кассалар қаражатпен толық қамтамасыз етілген. Коронавирустың таралу қаупін азайту мақсатында қайтарылған билеттің ақшасын алты ай көлемі ішінде өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта келіп алуды ұсынамыз», — дейді ол.

 inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *