Медициналық маска бағасы реттелуде

278

Алматы тұрғындары қалада төтенше жағдай енгізілген уақытта, қиын кезеңде екі ортада пайдаға кенелгісі келетіндер туралы жиі айтып, жазып жатқаны белгілі. Соңғы деректер бойынша бір реттік маскаларды 140-250 теңге арасында саудалап жатқандар да анықталды. Осы орайда жағдайды реттеу мақсатында, жергілікті басқару органдары нақты іске көшті. Алматыға күн сайын жалпыға қолжетімді болу үшін дәріханаларға 80 мың медициналық маска жеткізіліп тұратын болды. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша бүгін қосымша 50 мың медициналық маска әкелінген. Қаланың әр ауданындағы 48 дәріханаға 87 және 111 теңгелік масканың түрлері жеткізілуде. Сондай-ақ аталмыш тауар бағасының тұрақты болуы қатаң бақылауға алынады.

Бексұлтан Нұрланұлы 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *