1000-нан астам қылмыскер қашып кетті

266

BNO News мәліметі бойынша, бүгін Бразилияның Сан-Паулу қаласының 4 түрмесінен көптеген жазасын өтеушілер қашып кеткен. Жергілікті полиция өкілдері қашқан қылмыскерлердің нақты санын әлі де анықтауда. Шамамен 1300 ден астам жазасын өтеуші қашқан деген болжам бар. Шұғыл әрекет ету арқылы, жергілікті құқық қорғау органдарының мүшелері 170 адамды ұстады. Бұл түрмелерде жазасын өтеушілерге коронавирус індетінің таралуына байланысты уақытша жақындарымен кездесуге және серуендеуге тыйым салынған. Аталмыш шектеулерге наразылық ретінде сотталушылар түрме аумағынан заңсыз қашып шығуға бел буған.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *