Алматы. Азық-түлік  дүкендері жұмысын тоқтатпайды

272

Алматы қаласы  әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев бейнеконференцияда шаһарды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету шаралары туралы БАҚ өкілдерін хабардар етті.

Оның айтуынша, карантинге байланысты қалада барлық азық-түлік емес сауда орындары жабылады. Ал азық-түлік сататын дүкендер, сауда орталықтары штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
–Азық-түлік сататын сауда орындары түрлі тауарлармен толық қамтамасыз етіледі. Бұл ретте арнайы штаб құрылды. Қазір қалаға азық-түлік тауарларын тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлермен байланыс орнаттық. Олардың жүк көліктері қалаға еркін кіріп-шыға алады. Ешқандай шектеу болмайды. Бұған қатысты барлық құзырлы органдарға хабарлама берілді, — деді С. Тұяқбаев.
Бұдан бөлек барлық мейрамханалар да жабылады.. Карантин кезінде олар тамақ өнімдерін тұрғын үйлерге жеткізумен айналысады.
–Барлық мейрамхана иесі бізді қолдайды деп сенеміз. Олар тамақ өнімдерін тапсырыспен халыққа жеткізетін болады. Оған қоса, онлайн-дүкендермен де келісімге келдік. Олар қазір бізге қолдау білдіріп, жұмыс қуатын аттыратын болды, — деді қала әкімінің орынбасары.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *